«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ты қайта құру туралы хабарлама
Осымен «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) (орналасқан жері: Z05T3Е2, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел көшесі, 55А) өзінің кредиторларын 2020 жылдың 4 қарашасында Қордың Жалғыз акционерінің №52/20__шешімімен Қорды «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-қа (бұдан әрі – «ҚИК» АҚ) (орналасқан жері: A05E3B4, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 98) біріктіру жолымен қайта құру шешімін қабылдағанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаны екiншi бiр заңды тұлғаға бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.
Өткізу актісіне және қосылу шартына қол қойылған күннен бастап Қордың барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері «ҚИК» АҚ-қа толық көлемде ауысады.
Қордың кредиторларының талаптары осы хабарлама жіберілген күннен бастап екі ай ішінде мына мекенжай бойынша: A05E3B4, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 98, жолдана алады.
«ҚИК» АҚ реквизиттері:
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ, БИН: 001240001720, КБе: 15
Банкте: «Халық банк» АҚ, ИИК: KZ046010131000112685, БИК: HSBKKZKX
Банкте: «Kaspi Bank» АҚ, ИИК: КZ75722S000000486984, БИК: CASPKZKA
Өткізу актісін мына сілтеме арқылы жүктеуге болады