Акционерлік қоғамның
еншілес ұйымы
«Бәйтерек» Ұлттық
Басқару Холдингі
Тапсырыс беру

Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ сайтына қош келдіңіздер.

Бүгінгі күні тұрғын үй мәселесі көптеген қазақстандықтар үшін әлі шешілмеген және азаматтар үшін бұл мәселені шешу жолдары азын-аулақ. Қолдарында жинақтары жоқ қазақстандықтар әдетте банктермен берілетін ипотекалық несиелер, тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу сияқты кеңінен таралған құралдарға жүгінеді.

2016 жылдың 10 қазанында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа Заң күшіне енгені мәлім, оның шеңберінде Қор тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік берудің тұрақты және тиімді жүйесін, кепілдік беру жағдайы басталған кезде үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, үлестік тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры үлестік құрылыс қатысушыларына қаржылық тұрақтылық, тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптарын қояды және инжинирингтік компаниялар арқылы үлескерлердің ақшасының мақсатына қарай пайдалануын бақылау механизмін енгізеді.

Осылайша Қор құрылыс саласының ашықтығын арттыру үшін жағдай жасайды, үлестік құрылыс нарығына құрылыс салушылар мен үлескерлердің кіру тәртібін белгілейді, сондай-ақ тұрғызылатын тұрғын үй сапасын артырады.

Мен және менің әріптестерім Қор қызметіне қатысты Сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайын.

Басқарма Төрағасы - Дулат Жарлықапов

FaLang translation system by Faboba

Я рад приветствовать Вас на сайте АО «Фонд гарантирования жилищного строительства».