1. Үлестік қатысу туралы шарт жасасу үшін үлескерге Қордан кепілдік алу керек пе?
Кепілдік беру жағдайы пайда болғанда үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру тетігі қолданысқа енгізілді. Осыған байланысты, кепілдік беру жағдайы пайда болғанда тұрғын үйдің құрылысын аяқтау үшін Қор құрылыс салушыға және уәкілетті компанияға кепілдік береді. Кепілдік беру туралы шарт үлескерлермен тікелей жасалмайды.

2. Құрылыс салушы (УК) үлескермен шартты жасасу кезінде Қормен кепілдік беру туралы шарттың бар болуы не болмауы туралы мәліметті көрсетуге міндетті ме?
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының ережелеріне сәйкес уәкілетті компания әлеуетті үлескерлерге бірқатар ақпаратты, соның ішінде Қормен жасалған кепілдік беу туралы шартының бар болуы туралы ақпаратты таныстыру үшін ұсынады.

3. Құрылыс салуышыда (УК) Қормен жасалған шарттың болуы үлескерге үйді белгіленген мерзімде және тиісті сапамен берілетінін білдіре ме?
Солай деп айтса да болады, өйткені Қордың кепілдігі кепілдік беру жағдайы пайда болғанда үлескерлердің құқықтары мен міндеттерін қорғауға бағытталған.

4. Қормен кепілдендірілген тұрғын үй құрылыс объектілерінің жобалары туралы толық ақпаратты қайдан алуға болады?
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес Қор құрылыс салушының, уәкілетті компанияның, құрылыс объектісінің атауын, тұрғын үйді өткізу мерзімдерін көрсете отырып құрылыс салушылармен және олардың уәкілетті компанияларымен жасасқан кепілдік беру шарттары туралы ақпартты өзінің ресми сайтында орналастыруға және ай сайын жаңалап отыруға міндетті. Сондай-ақ, Қордың сайтында тұрғын үй құрылысының барысы туралы ақпарат, оның ішінде инжинирингтік компаниялардың ай сайынғы есептері жарияланатын болады.

5. Үлескерде мысалы үйді пайдалануға беру мерзімін бұзу немесе Қормен кепілдендірілген объектілер бойынша ақшаның мақсатсыз пайдалануы туралы ақпарат болса, оған Қорға өтінішпен
Болады. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының ережелеріне сәйкес Қордың кепілдік беру жағдайының мүмкін пайда болуы туралы шешімі үлескердің жазбаша өтінішінің нәтижелері негізінде қабылдануы мүмкін. Кейіннен кепілдік беру жағдайының пайда болу фактісін белгілеу үшін Қор тарапынан үлескердің мәліметі тексеруге жатады.

6. Кепілдік беру жағдайының басталуы туралы үлескерлер хабардар етіледі ме (қандай ақпарат, аяқталу мерзімдері, себептері және т.б.)?
Кепілдік беру жағдайының басталу фактісін анықтау кезінде, нақты айтқанда, тұрғын үй құрылысы бойынша міндеттемелерді уәкілетті компанияның орындамауы немесе тиісінше орындамауы кезінде Қормен тиісті шешім қабылдану күнінен кейінгі келесі жұмыс күні Қор барлық мүдделі тұлғаларды кепілдік беру жағдайының басталу фактісі туралы Қордың ресми сайтында, сондай-ақ басқа БАҚ ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.

7. Қор кепілдігі үлескерлер үшін қандай тәуекелдерді жабады?
Қор кепілдігі, мәні бойынша, кепілдік беру жағдайы туындаған кезде тұрғын үй құрылысының аяқталуы және үлескерлерге пәтерлерін тапсыру бойынша Қордың міндеттемесі болып табылады. Осыған байланысты, құрылыс салушының және оның уәкілетті компаниясының тұрғын үй құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамау себептерінен тұрғын үй құрылысының аяқталмауы немесе мерзімінде аяқталмауы бойынша үлескерлердің тәуекелдері Қордың осы кепілдемесімен жабылады. Сонымен қатар, инжинирингтік компанияның құрылыс барысына, сондай-ақ үлескерлер ақшасының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізуін есепке алсақ, пайдалануға берілетін тұрғын үй тиісті сапамен қамтамасыз етілетін болады.

FaLang translation system by Faboba