Акционерлік қоғамның
еншілес ұйымы
«Бәйтерек» Ұлттық
Басқару Холдингі
Тапсырыс беру
1. Қордың кепілдік беру рәсіміне құрылыстың қандай объектілері (тұрғын/тұрғын емес, коммерциялық, инфрақұрылым объектілері) жатады? «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес Қордың кепілдігін алу арқылы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларға қатысты жүзеге асырылады және жекелеген коммерциялық, инфрақұрылымдық, муниципалды және өзге объектілерге таралмайды.

2. Құрылысы басталған объектілер бойынша Қормен кепілдік беру туралы шарт жасасуға болады ма (құрылыс кезеңдері, объект құрылысын аяқтау кезеңдері бойынша шектеулер, басқа да шектеулер бар ма)? «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның ережелеріне сәйкес құрылысы аяқталмаған тұрғын үй жобалары бойынша да Қор кепілдігін алу мүмкін. Сонымен қатар, меншік иесі уәкілетті компания болып табылатын бұл аяқталмаған құрылыс, егер жер учаскесі жеке меншікте болса жобалау құнының кемінде 10 пайызы көлемінде, егер жер учаскесі жалда болса - жобалау құнының кемінде 15 пайызы көлемінде құралуы тиіс. Аяқталмаған құрылыс туралы мәлімет тиісті орындалған жұмыстар актісімен расталуы қажет.

3. Тұрғын үй сапасын бақылау қалай қамтамасыз етіледі? Құрылыс салушы және оның уәкілетті компаниясы арасында жасалған кепілдік беру туралы шарт шеңберінде, тұрғын үй құрылысының барысына бақылауды, құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді қадағалауды, сондай-ақ үлескерлердің ақшасының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз инжинирингтік компаниямен шарт жасалады. Инжинирингтік компания ай сайын Қорға тұрғын үй құрылысының барысын мониторингтеу нәтижелері туралы есеп береді. Кепілдік беру жағдайы орын алған жағдайда Қор өзінің жеке қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысының аяқталуын қаржыландыруға міндеттенеді, қаржыландыру шеңберінде әрі қарай тұрғын үй құрылысын аяқтау барысын мониторингтеу, оны пайдалануға өткізу және үлескерлерге пәтерлерін беру жүзеге асырылады.

4. Қандай да бір себептермен кепілдік беру туралы шартын бұзу мүмкін бе? Қордың кепілдік беру туралы шартын бұзу көзделмеген. Бұл мәселе азаматтық-құқықтық тәртіпте шешіледі.

5. Қордың кепілдігін алу туралы құрылыс салушының өтінімі қанша уақыт қаралады (кезеңдері қандай)? Нәтижесінде Қор кепілдік беру шартын жасасу туралы не шарт жасасудан бас тарту шешім қабылдайтын құрылыс салушының және уәкілетті компанияның Қордың кепілдігін алу үшін өтінімін 15 жұмыс күн ішінде қарайды. Бұл ретте Қордың қаралып жатқан өтінім бойынша ескертулері болған жағдайда, Қор 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ескертулерді жою үшін құжаттарды қайтаруға құқылы, өтінімді қарау мерзімі бұл кезеңде тоқтатылады.

6. Ұсынылған мәліметтердің жеткіліксіздігі жағдайында құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға құжаттардың бүкіл пакеті қайтарылады ма, не болмаса құрылыс салушы жетіспейтін құжаттарды жеткізу туралы хабардар етіледі ме? Қарастырылып отырылған өтінім бойынша Қордың ескетпелері, оның ішінде Ұсынылған мәліметтердің жеткіліксіздігі болған жағдайда Қор тиісті құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

7. Құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға пысықтау үшін және жетіспейтін құжаттарды ұсыну үшін қанша уақыт беріледі? Қор құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға ескертпелерді жою үшін құжаттарды жалпы алғанда екі реттен асырмай жалпы мерзімі 5 жұмыс күнге қайтарады.

8. Қордың кепілдік беру туралы шешім қабылдауы кезінде құрылыс салушы мен уәкілетті компания қандай іс-әрекеттер және қандай мерзімде жасауы қажет (жер учаскесінің, УК дауыс беретін акцияларының кепіл шарттары және УК дауыс беретін акцияларын сенімгерлікпен басқару шарты кіммен әзірленеді)? Қор құрылыс салушы және уәкілетті компаниямен кепілдік беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Қор: - уәкілетті компаниямен аяқталмаған құрылыс объектісімен бірге жер учаскесінің кепіл шартын; - құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының кепіл шартын; - құрылыс салушымен кепілдік беру жағдайы басталған кезде күшіне енетін уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын сенімгерлікпен басқару шартын; - уәкілетті және инжинирингтік компаниялармен инжинирингтік қызмет көрсету шартын жасайды. Уәкілетті компания және құрылыс салушымен жасалатын аталған шарттардың үлгі нысаны Қормен бекітілетіні туралы атап айтқан жөн. Тек осы шарттарды жасасқаннан кейін уәкілетті органмен бекітілген үлгі шарттың негізінде Қордың кепілдігін беру туралы шарт жасалады.

9. Кепілдік жарнасының мөлшері және есептеу тәртібі? Кепілдік жарнасының мөлшері уәкілетті органмен бекітілген Кепілдік жарнасының мөлшерін анықтау әдістемесіне сәйкес белгіленеді. Аталған Әдістемеге сәйкес кепілдік жарнасының мөлшері белгіленген рейтинг бойынша құрылыс салушының және уәкілетті компанияның біліктілігін анықтау жолымен есептеледі және тұрғын үйдің жобалық құнына кепілдік тарифінің туындысы ретінде анықталады. Бұл жағдайда кепілдік тарифі әр позиция бойынша құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға тиісті балл және рейтинг берумен бірге пайда, өтімділік және төлем қабілеттілік, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша құрылыс салушының сипаттамасы және т.б. тәуекелдің параметрлері мен факторларының бағасына негізделеді. Кепілдік жарнасы бір рет төленеді және қайтаруға жатпайтынын атап өткен жөн. Бұл ретте кепілдік беру шарттың әрекет ету мерзімі ішінде тұрғын үйдің жобалық құнының 10 және одан көп пайызға қымбаттауы кезінде кепілдік жарнасының сомасы қайта қарауға жатады. Кепілдік жарнасының сомасы құрылыс жобасы құнының 2-6 % шеңберінде болатынын атап өтуге болады.

10. Қор кепілдік беру туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға тиісті түсініктеме беріледі ме? Қор кепілдік беру туралы шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Қор құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға дәлелді жауап қайтарады.

11. Қор кепілдік беруден бас тартқан жағдайда құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға кепілдік жарнасының сомасы және өтінімді қарау үшін комиссия қайтарылады ма? Кепілдік жарнасының сомасын қайтару мәселесі бойынша бұл сома Қор кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ғана төлемге жатады, яғни Қор кепілдік беру туралы шарт жасасу немесе шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін кепілдік жарнасының сомасы құрылыс салушы мен уәкілетті компания тарапынан төленуге жатпайды. Қор кепілдік беру туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға өтінімді қарау үшін комиссияны қайтармайды.

12. Қор қандай да бір жоба бойынша кепілдік беруден бас тартқан жағдайда қанша уақыттан кейін құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға Қорға қайта жүгінуіне болады (осы не басқа жобалар бойынша)? Бұл мәселе бойынша заңмен мерзім және басқа факторлар бойынша шектеулер көзделмеген.

13. Құрылысы басталмаған жобалармен салыстырғанда құрылысы аяқталмаған жобаларға қатысты Қор кепілдігін алу үшін өтінімде ұсынылатын мәселелер бойынша құрылыс салушы мен уәкілетті компанияға қойылатын талаптар ерекшеленеді ме? Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй жобалары «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңда көзделген талаптарға сәйкес келуі жағдайында Қор кепілдігін ала алады. Атап айтқанда мұндай жобаның аяқталмаған құрылысы егер жер учаскесі жеке меншікте болса жобалау құнының кемінде 10 пайызы көлемінде, ал егер жер учаскесі жалда болса - жобалау құнының кемінде 15 пайызы көлемінде құралуы тиіс. Бұл ретте аяқталмаған құрылыс туралы мәлімет орындалған жұмыстар актісімен расталуы қажет.

14. Құрылыс салушыда бірнеше құрылыс объектісі (оның ішінде әр түрлі қалаларда орналасқандар) болған жағдайда әр объектіні жеке өтінімге бөлу қажет пе? Және әр жеке объект бойынша жаңа УК құру керек пе? Құрылыс объектілернінің санын құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның бір өтінімінде қарауға қатысты, тұрғын үй құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектілерін көздеуі мүмкін екенін атап өтеміз.
Бірнеше құрылыс объектісі бойынша бір уәкілетті компанияны анықтау мәселесі бойынша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманың ережесімен уәкілетті компания құрылыс салушымен 100 % еншілес компания ретінде құрылады және тек бір құрылыс жобасы бойынша қызметті жүзеге асырады. Сонымен қатар құрылыс салушы басқа құрылыс жобалары бойынша үлескерлерге тұрғын үйдегі үлестерін беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған еншілес уәкілетті компания тарта алады.

15. Кепілдік беру туралы шарт жасасқанда құрылыс салушы және УК Қорға қандай есептілігін және қандай мерзімдерде береді? Құрылыс салушыға Кепілдік беру туралы шартының бүкіл мерзімі ішінде Қорға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін беру қажеттілігі туралы талап қойылған. Уәкілетті компания Қорға тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін ұсынуға міндетті.

16. Құрылыс салушы мен Уәкілетті компания кепілдік беру туралы жасалған шарт шеңберінде Қорға үлестік қатысу шарттарды жасасу туралы ақпарат беруге қажет пе? Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелерін реттеу саласындағы заңнамада осындай ақпаратты ұсыну қарастырылмаған.

17. Кепілдік беру жағдайы пайда болып, уәкілетті компанияның қаражаты жеткіліксіз болғанда Қор өзінің қаражаты есебінен тұрғын үйдің құрылысын аяқтау бойынша тиісті шараларды қандай шарттарда жасайды? Кепілдік беру жағдайы пайда болғанда, уәкілетті компанияның меншікті қаражаты жеткіліксіз болған кезде Қор төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттары бойынша тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды қаржыландырады.

18. Кепілдік беру жағдайы пайда болғанда тұрғын үйдің құрылысын аяқтау бойынша Қордың шығыстарын кім өтейді (Уәкілетті компанияның, құрылыс салушының қаражаты жеткіліксіз болғанда Қор қандай шараларды жасайды)? Мұндай жағдайда тұрғын үйді қабылдау мен пайдалануға беру қорытындылары бойынша Қор үлескерлерге олардың үлестерін беруді жүзеге асырады, ал сатылмаған дайын пәтерлер бар болған жағдайда Қор оларды сатады, пайда болған ақшадан құрылыстың аяқтауымен байланысты шығыстарды өтейді. Егер уәкілетті компания Қорға құрылысты ақятауға кеткен шығыстарын өтесе, уәкілетті компанияның акцияларын/қатысу үлестерін сенімгерлік басқару шартының күші жойылады. Уәкілетті компанияның қаражаты жеткіліксіз болғанда оларды өтеу жөніндегі міндетті субсидиарлық жауапкершілікпен құрылыс салушы көтереді, ал егер де құрылыс салушының қаражаты жетпесе, Қор құрылыс салушының банкроттығы рәсіміне бастамашылық жасайды.
FaLang translation system by Faboba

Я рад приветствовать Вас на сайте АО «Фонд гарантирования жилищного строительства».